| 28.10.2013 |
|
Грузия Орталық сайлау комиссиясының Төрайымы Т. Жванияның шақыруы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов 2013 жылғы 27 қазанда өтіп жатқан Грузия Президентінің сайлауын байқауда.
Қазақстан Ортсайлаукомының Басшысы Грузия Орталық сайлау комиссиясының Төрайымы Т. Жваниямен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е. Ертісбаевпен кездесті.
Бұл кездесулер шеңберінде Грузияның сайлау жүйесінің түрлі аспектілері мен ел Президентін сайлау бойынша сайлау науқанының барысы талқыланды.
Дауыс беру күні Қ. Тұрғанқұлов Тбилиси қаласындағы бірқатар сайлау учаскелерін аралап, сайлаудың аталған кезеңін ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысты, сондай-ақ Грузия Ортсайлаукомының брифингіне қатысты.
Барлығы Грузия Президентінің сайлауын байқауға Қазақстан Республикасынан 6 байқаушы қатысуда, олардың 2-і ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының, 2-і ЕҚЫҰ ПА-ның құрамына енген және 2-і Грузия Ортсайлаукомының шақыруымен.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
