| 18.12.2013 |
|
2013 жылғы 16-17 желтоқсанда Баку қаласында (Әзірбайжан Республикасы) «ТМД елдерінде сайлау заңнамасын дамыту: жетілдіру жолдары және тәжірибеде қолдану» тақырыбында халықаралық семинар өтті.
Шараны ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы мен Әзірбайжан Республикасының Меджлис Миллиі ұйымдастырды.
Семинар жұмысына Әзірбайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдава Республикасы, Ресей Федерациясы парламенттерінің депутаттары, сонымен қатар ТМД Атқару комитетінің, ТүркПА, Ресей Федерациясы СІМ-нің өкілдері мен Молдава Республикасы, Ресей Федерациясы сайлау комиссияларының өкілдері, Достастық елдерінен ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ ТМД ПАА-ның өкілдері қатысты.
Қатысушылар ТМД елдеріндегі сайлау жүйесінің негіздерін, қоғамдық электораттық дипломатияны талқылап, сайлау заңнамасының және сайлауды халықаралық байқаудың негізгі үрдістерін қарастырып, тәжірибе алмасты, ТМД мемлекеттеріндегі сайлау заңнамасының қажетті және тиімді кезеңдерін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау комиссиясының мүшесі М.А. Сарсембаев «Сайлауды және референдумдарды халықаралық байқау тәсілдерін үйлестіру: халықаралық ұйымдардың рөлі» атты тақырыпта баяндама жасады.
Көрнекті заң шығарушылар мен саясат кайраткерлерінің, академия ғылымдары мен азаматтық қоғамдық құрылымдар өкілдерінің семинарда айтылған пікірлері қатысушыларға талқыланған мәселелердің кешенді көрінісін қалыптастыруға көмектесіп, оларды негізді талдау жолдарын ұсынуға, сонымен қатар заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерінің құрылымдары тәжірибеде тиімді түрде қолдануда көмектесуге бағытталған.
17 желтоқсанда семинарға қатысушылар Әзірбайжан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында болып, оның Төрағасымен кездесті және елдің сайлау ұйымдарының қызметін ұйымдастыруымен танысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
