| 04.03.2014 |
|
Ортсайлауком хатшысы Б. Мелдешов 3-6 наурыз аралығындағы кезеңдегі жұмыс сапары барысында Павлодар облысындағы мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі науқан барысымен танысады.
30 наурызда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес өңірде Ақсу қалалық мәслихатының 2 депутатын, Екібастұз қалалық мәслихатының 2 депутатын және Май аудандық мәслихатының бір депутатын сайлау өтеді.
Қазіргі сәтте кандидаттарды ұсыну аяқталды. Ұсыну өңірде белсенді өтті. 5 депутаттық мандатқа жалпы алғанда 18 адам үміттенеді. Олардың 7-і кандидат ретінде тіркелді.
Сапар барысында Ортсайлауком хатшысы облыстың аумақтық және округтік сайлау комиссияларының мүшелерімен барлық сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасының нормаларын сақтауды қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ дауыс беру күніне дайындық жөніндегі сайлау органдарының міндеттері талқыланатын бірқатар кездесулер өткізеді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
