| 03.03.2014 |
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес ағымдағы жылдың 30 наурызында республиканың 14 өңірінде 59 сайлау округінде шығып қалған мәслихаттар депутаттарының орнына сайлау өтеді.
Барлығы Астана қ. мәслихатының 1 депутаты, 7 облыстық депутат, 12 қалалық депутат және 39 аудандық мәслихаттар депутаттары сайланады.
Қазіргі сәтте 185 адам ұсынылды. Олардың 60-ын саяси партиялар, 2-ін қоғамдық бірлестіктер ұсынды және 123-і өзін-өзі ұсынғандар.
Ұсынылған кандидаттардың арасында - 132 ер адам және 53 әйел адам.
Мәслихаттар депутаттарының мандаттарына үміткерлердің орташа жасы 41 жасты құрайды.
82,7%-ның жоғары білімі бар.
Қазіргі сәтте мәслихат депутаттығына үміткер ретінде 69 адам тіркелді.
Олардың 33-і Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 24-і партияда жоқ, тағы 12-сі өздерінің партияға мүшеліктерін көрсетпеген.
Сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтіп жатыр.
Орталық сайлау комиссиясына арыздар мен өтініштер келіп түскен жоқ.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
