| 10.04.2014 |
|
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен және «БҰҰ-Әйелдер» ұйымымен бірлесіп ұйымдастырған семинары 11-12 сәуір аралығында Алматы қаласында өтеді.
Семинарға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.
Семинардың негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция міндеттемелерін, сондай-ақ 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдіктер туралы заңның талаптарын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды талқылау.
Сонымен қатар семинарға қатысушылар мемлекеттік гендерлік саясаттың, Қазақстан Республикасдағы 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясының негізгі бағыттарын, сондай-ақ әйелдерді Мемлекеттік сайлау органдарында әйелдер санын көбейтуге ықпал ететін шешімдерді қабылдау деңгейіне жылжыту жөніндегі 2016 жылға дейінгі мерзімге іс-шаралар жоспарының орындалу барысын талқылайды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
