| 05.08.2014 |
|
5 тамызда Орталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының нормативтері белгіленді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы республикалық бюджеттен қаржыландырылады. 2014 жылы Сенат сайлауын өткізуге 136 миллион теңге бөлінді.
Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың әрқайсысына сайлау алдындағы үгітті жүргізуге, сондай-ақ көліктік шығыстарды өтеуге республикалық бюджеттен 395 000 теңге мөлшерінде қаражат бөлінеді. Оның ішінде 115 000 теңге - теледидар бойынша бағдарламамен он бес минуттық сөз сөйлеуге, 60 000 теңге – радиодан он минуттық сөз сөйлеуге, 105 000 теңге – баспа басылымдарында көлемі 0,1 баспа табақтан екі мақала жариялауға, 20 000 теңге – таңдаушылармен кездесулер үшін үй-жайды жалға алуға, 25 000 теңге – үгіттік баспа материалдарын басып шығаруға, сондай-ақ 70 000 теңге облыстар үшін және 35 000 теңге Астана және Алматы қалалары үшін – көліктік шығыстарға көзделген.
Кандидаттарға белгіленген шығыстардың нормативтерін есептеу кезінде үгіттік жұмыс жүргізілетін өңірлерде БАҚ, баспахана және көлік қызметтеріне қалыптасқан бағалар ескерілді.
Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы 2014 жылғы 1 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарын сайлауда халықаралық байқаушылардың қызметіне қатысты бірқатар шешімдер қабылдады.
Атап айтқанда, шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның байқаушысымен, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкілімен бірге жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда бір аудармашы ілесіп жүре алады, ал шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу туралы құжат болған жағдайда сайлауды байқауды жүзеге асыруға құқылы.
Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның байқаушысы сауалнамасының мәтінін бекітіп, Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына халықаралық байқаушыларды аккредиттеу 2014 жылғы 25 қыркүйекте аяқталатынын айқындады.
Ортсайлаукомның мәліметтеріне сай 4 тамыздың кешіндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына 72 кандидат ұсынылды. Олардың барлығы өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланды. Ұсынылғандардың ішінде 4-і әйел.
Ортсайлауком бекіткен Күнтізбелік жоспарға сәйкес ұсыну 31 тамызға дейін созылады.
Кандидаттарды тіркеуді облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары 11 қыркүйекке дейін жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
