| 23.06.2014 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовтің ел өңірлеріне жоспарлы жұмыс сапарлары шеңберінде 16 маусымда Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшелерімен, ал 21 маусымда Қарағанды қаласында Қарағанды облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесуі болды.
Сондай-ақ 18 маусымда Ақтөбе қаласында Ортсайлауком мүшесі Л.Ж. Сүлеймен Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесті.
Осы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі мақсаты аумақтық сайлау органдарының алдында тұрған, оның ішінде осы жылы өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауына дайындықпен байланысты бірінші кезектегі міндеттерді бірлесе талқылау болды.
Кездесулер барысында қатысушылар сайлау комиссияларының бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру, барлық деңгейдегі сайлаукомдар мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру мәселелеріне бас көңіл бөлді, сондай-ақ сайлау заңнамасының кейбір қырларын, оның нормаларының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды және оларды қолдану практикасын талқылады.
Аумақтық сайлау комиссияларының өз өкілеттіктерін сайлаулар аралығындағы кезеңде іске асыруымен, сондай-ақ олардың сайлау науқандарын ұйымдастыру, әзірлеу және өткізу барысындағы қызметімен тікелей байланысты проблемаларға қатысты пікір алмасу болды.
Бекітілген кестеге сәйкес мұндай іс-шаралар бір айдың ішінде Қазақстанның барлық өңірлерінде өтетін болады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
