| 15.04.2014 |
|
2014 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Камохара Масаёси мырзамен кездесуі өтті.
Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігінің үшінші хатшысы Маки Такаси және Ортсайлауком мүшелері М.А. Сәрсембаев пен Т.В. Охлопкова қатысты.
Сапардың мақсаты – сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізу, сайлау жүйесін, сайлау заңнамасын және оны қолдану практикасын жетілдіру аясындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу болып табылды.
Кездесуді ашу сәтінде Қуандық Тұрғанқұлов: «Біз жапондық әріптестерімізбен сайлау жүйесін дамыту және жетілдіру аясында жинақталған тәжірибемен неғұрлым тиімді алмасуға мүмкіндік беретін ынтымақтастықтың дамуына шынайы қызығушылық танытамыз» - деп атап өтті.
Содан кейін Ортсайлауком Төрағасы Елші мырзаны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ағымдағы қызметі туралы, Қазақстан Республикасында өткен жылдың жазында өткен ауыл әкімдерінің сайлауы туралы, осы жылы өтетін Парламент Сенаты депутаттарының кезекті сайлауына дайындық туралы, сондай-ақ комиссияның қысқа мерзімді перспективасына арналған жоспарлары туралы ақпараттандырды.
Өз тарапынан Масаёси мырза ынтымақтастықтың бұдан әрі дамуына сенім білдіріп, Қазақстан Республикасының сайлауларын ұйымдастырушы болып табылатын Орталық сайлау комиссиясына табыс тіледі.
Қ. Тұрғанқұлов Орталық сайлау комиссиясы өзара әрекеттесудің барлық деңгейінде тәжірибе мен ақпарат алмасу үшін ашық және халықаралық ұйымдар шеңберінде де, сонымен қатар екіжақты кездесулер шеңберінде де сыртқы байланыстарды белсенді дамытады деп атап өтті.
Қазақстан мен Жапония орталық сайлау комиссияларының арасында екіжақты байланыстарды тереңдету үшін Ортсайлауком Басшысы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Осы іспеттес тәжірибеге Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ие. Бұған дейін Корея Республикасы, Ресей Федерациясы, Молдова Республикасы, Қырғыз Республикасы және Латвия Республикасы орталық сайлау комиссияларымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылған.
«Ынтамақтастықтың өзара тиімді, жемісті және сындарлы сипаты бізге демократиялық сайлауды ұйымдастыру мен өткізу аясында әр елде жинақталған тәжірибемен тиімді алмасу мүмкіндігін береді» - деді Қ.Тұрғанқұлов кездесу соңында.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
