| 12.09.2014 |
|
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 11 қыркүйекте кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Ортсайлаукомның деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының 16 мандатына облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары ұсынылған 88 үміткердің 53-ін тіркеді. (Салыстыра айтсақ, 2005 жылы бұл сан 47, 2008 жылы 50, ал 2011 жылы 52 кандидатты құрады).
Парламент Сенатының депутаттығына бес өңірде 4 кандидаттан тіркелді. Қалған 11 өңірде 3 үміткерден тіркелді.
Ұсынылған кандидаттардың 18-і сайлау додасынан шығып қалды.
Заңнамада бөлінген мерзім ішінде қажетті құжаттарды ұсынбауына байланысты 17 үміткерді тіркеуден бас тартылды.
Тіркелген кандидаттардың ішінде 2-і әйел адам.
Үміткерлердің орташа жасы 53 жасты құрайды.
Мамандығы бойынша: 21-і инженерлер, 9-ы ауыл шаруашылығы қызметкерлері (агрономдар, зоотехниктер, мал дәрігерлері және басқалар), 8-і экономистер, 8-і дәрігерлер, 4-і оқытушылар, 1-і заңгер.
Қызмет түрі бойынша: 4-і Парламент Сенатының депутаты (2005 жылы қызметтегі сенаторлардың 11-і, ал 2008 және 2011 жылдары 7 сенатор дауысқа түсті), 22-сі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың және мекемелердің қызметкерлері, 16-сы коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 9-ы ғылым, мәдениет, білім беру және денсаулық қорғау қызметкерлері.
Сайлау науқаны сайлау заңнамасына сәйкес өтуде.
Өткен кезеңнің ішінде Ортсайлаукомға 2 өтініш келіп түсті. Олардың біреуі Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу тәртібін реттейтін сайлау заңнамасының нормаларын түсіндіруді талап етеді.
Екінші өтініште Сенат депутаттығына тіркелген кандидаттардың бірінің сайлау науқанына қатысы жоқ іс-әрекеттеріне шағым қамтылған. Екі өтініш те қаралды. Өтініш иелеріне уақтылы жауап берілді.
12 қыркүйектен бастап Сенат депутаттығына тіркелген барлық кандидаттар Күнтізбелік жоспарға сәйкес 2014 жылғы 29 қыркүйектегі 24.00 сағатқа дейін жүргізілетін сайлау алдындағы үгітке кірісе алады.
Барлық кандидаттарға үгіт жұмысын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік берілген.
Атап айтқанда, БАҚ арқылы үгіт жүргізу үшін әрбір кандидатқа республикалық бюджеттен тең мөлшерде теледидардан он бес минуттық сөз сөйлеуiне, радиодан он минуттық сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екi мақала жариялауына қаражат бөлінді.
Кандидаттар шығыстарының нормативтерін бекіту туралы тиісті қаулыны Ортсайлауком 5 тамызда қабылдаған болатын.
Сонымен қатар кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті заңда белгіленген тәртіппен құрылатын сайлау қорларының қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін. Бұл ретте Сенат депутаттығына кандидаттардың әрқайсысы жалпы қаражат мөлшері 13 млн 976 мың 200 теңгеден аспауға тиіс сайлау қорын құра алады.
Сайлау алдындағы жария іс-шараларды жүргізу үшін сайлау комиссияларының өтінімі бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органдары кандидаттарға шарт негізінде және басқа кандидаттармен тең жағдайларда таңдаушылармен және азаматтармен кездесулер үшін үй-жайлар ұсынуға міндетті.
Сондай-ақ кандидат сайлау алдындағы үгітті баспа, дыбыс-бейне және басқа да үгіт материалдарын шығару және тарату жолымен жүргізе алады. Барлық үгiттiк баспа материалдарында сол материалдарды шығарған ұйым, олардың басылған жерi мен таралымы, тапсырыс жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан төленгендiгi туралы мәлiметтер болуға тиiс.
Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi сайлау комиссияларымен бiрлесiп барлық кандидаттар үшiн үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орын белгiлейдi және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыруы тиіс.
Үгіт науқаны барысында сайлау заңнамасы нормаларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Ортсайлауком, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары БАҚ-тарға мониторинг жүргізеді.
26 қазанда 48 округте болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау туралы айта кететін болсақ, жұмылдырылған облыстық және Алматы қалалық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 12 қыркүйектегі жағдай бойынша мәслихаттар депутаттығына 28 кандидат ұсынылды. Ұсыну ағымдағы жылдың 25-26 қыркүйегіне дейін созылады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
