| 29.09.2014 |
|
Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі Күнтізбелік жоспарға сәйкес 29 қыркүйекте 24.00 сағатта кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті аяқталады.
Үгіт науқанының шеңберінде Сенат депутаттығына кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізу кестелеріне сәйкес 11-29 қыркүйек аралығындағы кезеңде өңірлерде осындай 266 кездесу өтті.
48 республикалық және 150 өңірлік баспа басылымына, 16 республикалық және 30 өңірлік телеарнаға, сондай-ақ 7 ақпараттық агенттік пен 108 неғұрлым танымал қоғамдық-саяси интернет-ресурсқа жүргізілген мониторинг қорытындыларына сәйкес 2014 жылғы 1 тамыз бен 28 қыркүйек аралығындағы кезеңде БАҚ-та сайлау науқанына арналған 900-ден астам материал жарияланды.
Олардың 256-сы электрондық БАҚ-та, 150-і - баспа және 495-тен астамы – интернет желісінде.
2014 жылғы 30 қыркүйекте, сондай-ақ дауыс беру күні – 1 қазанда кез-келген сайлау алдындағы үгітке тыйым салынады.
Бұған дейін сайлау комиссияларының үй-жайлары мен дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс ілінген үгіттік баспа материалдары бұрынғы орындарында сақтала алады.
Дауыс беруге дейінгі бес күн бойы және дауыс беру күні қоғамдық пікірді сұрау нәтижелерін, сайлау қорытындыларының болжамдарын, сайлауға байланысты басқа зерттеулерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға рұқсат етілмейді.
Қазіргі сәтте республика бойынша Сенат депутаттығына барлығы 39 кандидат тіркелді.
Дауыс беру күніне дейінгі екі күнде кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұған дейін тіркеуден шығарылған кандидатты қайта тіркеуге рұқсат етілмейтіндігін ескерсек, кандидаттардың барлығы алдағы сайлауға қатысады.
Осылайша, Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталу сәтіне тіркелген 53 кандидаттың 14-і тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін сайлау додасынан өз өтініштері бойынша шығып қалды.
Қазіргі уақытта барлық қажетті қорғау дәрежелері бар жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер әзірленуде.
Сайлау туралы заңға сәйкес бюллетеньдер сайлау күніне бір күн қалғанда тиісті аумақтық сайлау комиссияларына жеткізіледі.
Парламент Сенаты депутаттарының сайлауында дауыс беру 2014 жылғы 1 қазанда таңдаушылардың бірлескен отырысында өтеді.
Таңдаушылардың тізімдерін тиісті мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша тиісті аумақтық сайлау комиссиялары құрайды.
Сайлау заңнамасының талабына сәйкес қазіргі уақытта таңдаушылардың барлық тізімдері жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Таңдаушылардың бірлескен отырысына облыстың барлық мәслихаттарынан өкіл болатын, сайланған депутаттар санының елу пайызынан астамы қатысса, отырыс заңды деп саналады.
Дауыс беру өткізілген болып есептелуі үшін таңдаушылардың бірлескен отырысына болған таңдаушылардың елу пайызынан астамы дауыс беруге қатысуы тиіс.
Дауыс беруді тиісті аумақтық сайлау комиссиялары сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымдастырып, өткізеді.
Дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың елу пайыздан астамының дауысын алған кандидат сайланған болып саналады.
Егер дауыс берудің бірінші турына екiден астам кандидат қатысса және олардың бiрде-бiрi жеңіске қажетті дауыстар санын жинамаса, сол күні басқа кандидаттармен салыстырғанда ең көп дауыс жинаған екi кандидат арасында дауыс берудің екінші туры өткізіледі. Қайта дауыс беруге арналған бюллетеньге тек сол кандидаттардың тегі енгізіледі.
Екінші турда басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат жеңіске жетті деп есептеледі.
Қазіргі уақытта облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары дауыс беруге арналған пункттерді ұйымдастыру мен жабдықтау бойынша жұмыстарды аяқтауда.
Кандидаттардың сенім білдірген адамдарына, Қазақстан Республикасы саяси партияларының, қоғамдық ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, сонымен қатар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларына сайлаудың барлық рәсімдеріне толық және тиімді мониторинг жүргізу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ дауыс беру күні аумақтық сайлау комиссиялары сайлау заңнамасын бұзушылықтарға шағымдарды тиімді және жедел түрде қарауды және осы заң бұзушылықтардың уақтылы жойылуын ұйымдастырады.
26 қазанда 48 округте өтетін мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауға қатысты айтар болсақ, қазіргі уақытта кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Қатыстырылған облыстық және Алматы қалалық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес барлығы 152 үміткер ұсынылды.
Тіркеу 1 қазанға дейін созылады. Қазіргі уақытта мәслихаттар депутаттығына 99 кандидат тіркелді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-23-69, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
