| 26.08.2014 |
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес ағымдағы жылдың 26 қазанында республиканың 13 өңірінде 46 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді.
Барлығы 2 облыстық, 2 Алматы қалалық, 12 қалалық, 30 аудандық мәслихаттарының депутаттары сайланады.
Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тиісті облыстық және Алматы қалалық сайлау комиссиялары тағайындайды.
2014 жылғы 26 қазанда болатын жергілікті өкілді органдардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды ұйымдастыруға және өткізуге 2 облыстық, Алматы қаласының сайлау комиссиясы, сондай-ақ 12 қалалық, 30 аудандық, 46 округтік және 193 учаскелік сайлау комиссиялары тартылады.
Дауыс беру өтетін учаскелердің сайлаушылар тізіміне 215 мыңға жуық адам енгізілген.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсынуды белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері және өзін-өзі ұсыну жолымен азаматтар жүзеге асырады.
Мәслихат депутаты болып сайлану үшін кандидат Конституцияның 86-бабы 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуге, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2- және 3- тармақтарына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес сайлану құқығына ие болуы қажет.
Атап айтқанда, 20 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы жоқ.
Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуын, әрбір кандидат дауысқа түсетін сайлау округін көрсете отырып, олардың жоғары органдары жүргізеді.
Азаматтардың мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуы өзін-өзі ұсыну тәртібімен тиісті округтік сайлау комиссиясына осы аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өзінің өтінішін беру жолымен жүргізіледі.
Тиісті аумақтық сайлау комиссияларының шешімдеріне сәйкес округтердің көбінде кандидаттарды ұсыну 25, 26 және 27 тамызда басталады, ал тіркеу 30 қыркүйек – 1 қазанға дейін созылады.
Осылайша, ағымдағы жылдың тамыз бен қыркүйек айларында елімізде екі сайлау науқаны - Парламент Сенаты депутаттарының кезекті сайлауы мен мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау бір мезгілде жүреді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
