| 22.08.2014 |
|
Ортсайлаукомның деректеріне сәйкес 22 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына 83 кандидат ұсынылды.
Олардың 15-ін мәслихаттар ұсынса, енді 68-і өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланды.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде 4-і әйел адамдар.
Кандидаттардың орташа жасы 53,5 жасты құрайды. Олардың ең жасы 37 жаста болса, ең үлкені - 68 жаста.
Мамандығы бойынша: 28-і инженерлер, 13-і экономистер, 13-і ауыл шаруашылығы қызметкерлері (агрономдар, зоотехниктер, мал дәрігерлері және басқалар), 11-і оқытушылар, 10-ы дәрігерлер, 4-і заңгерлер.
Қызмет түрі бойынша: 4-і Парламент Сенатының депутаты, 33-і мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелердің қызметкерлері, 28-і коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 13-і ғылым, мәдениет, білім беру және денсаулық қорғау қызметкерлері.
Екі үміткер сайлау додасынан шығып қалды. Олардың біреуі Конституция мен сайлау заңнамасы Сенат депутаттығына кандидаттарға қойған талаптарға сәйкес келмегендіктен, екіншісі Парламент Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелгеннен кейін өз өтініші бойынша өзінің кандидатурасын алып тастады.
Ұсыну 31 тамызға дейін созылады. Оның қорытындыларын Ортсайлауком 2 қыркүйекте жариялауды жоспарлап отыр.
Қазіргі сәтте облыстық, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиялары Сенат депутаттығына кандидат ретінде 58 адамды тіркеді. Олардың екеуі – әйел адамдар.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының соңғы сайланымының өз кандидатураларын ұсынған қызметтегі 4 депутаты да Парламент Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелді.
Тіркелген кандидаттардың орташа жасы 53 жасты құрайды.
Мамандығы бойынша: 21-і инженерлер, 10-ы ауыл шаруашылығы қызметкерлері (агрономдар, зоотехниктер, мал дәрігерлері және басқалар), 8-і оқытушылар, 8-і дәрігерлер, 7-і экономистер, 2-і заңгерлер.
Қызмет түрі бойынша: 4-і Парламент Сенатының депутаты, 26-сы мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелердің қызметкерлері, 16-сы коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 10-ы ғылым, мәдениет, білім беру және денсаулық қорғау қызметкерлері.
Кандидаттарды тіркеу 11 қыркүйекте аяқталады. Ал 12 қыркүйектен бастап тіркелген кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кірісе алады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
