| 19.09.2014 |
|
2014 жылғы 19 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясы «2014 жылғы 1 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.
Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамында 103 байқаушыны, ШЫҰ-дан байқаушылар миссиясының құрамында – 4, шет мемлекеттерден 22 байқаушыны аккредиттеді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2014 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 17 мемлекеттен сондай-ақ сайлауды байқауға қатыса алатын шетелдік БАҚ-тардың 110 өкілін аккредиттеді.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2014 жылғы 25 қыркүйекке дейін жүзеге асырады.
Ортсайлаукомның отырысынан кейін өткен брифинг шеңберінде Қ. Тұрғанқұлов сайлау процесінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету бойынша Ортсайлауком белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
«Байқауға қатысатын халықаралық байқаушылар саны бүгінгі күнге дейін біз тіркеген байқаушылармен ғана шектеліп қоймайды деп ойлаймын. Сайлаудың жанама болғанына қарамастан, сайлау науқанына деген қызығушылық жоғары.» - деді ол.
Сондай-ақ Ортсайлауком басшысы үгіт науқанының барысы және дауыс беру күніне дайындық туралы ақпараттандырды.
Барлық өңірлерде үй-жайлар айқындалып, кандидаттардың таңдаушылармен кездесу кестелері құрылды. Іс жүзінде күн сайын республикада 30-дан астам үгіттік іс-шаралар өтуде.
9 кандидат өздерінің сайлауалды үгіт науқанының тиімділігін арттыру мақсатында үгіттік іс-шараларды жүргізу үшін өздеріне республикалық бюджеттен бөлінген қаражатпен шектеліп қана қоймай, өз сайлау қорларын құрды.
БАҚ мониторингінің деректеріне сәйкес 2014 жылғы 1 тамыз бен 19 қыркүйек аралығындағы кезеңде қазақстандық масс-медиада сайлау науқанына арналған 580-нен астам материал жарияланды. Олардың 102-сі электрондық БАҚ-та, 52-сі баспа және 425-тен астамы - интернет желісінде.
Үгіт науқаны 29 қыркүйек күнгі 24.00 сағатта аяқталады.
Парламент Сенаты депутаттарының сайлауында дауыс беру, дауыстарды санау және оның нәтижелерін жария ету 2014 жылғы 1 қазанда таңдаушылардың бірлескен отырысында өтеді.
Таңдаушылардың бірлескен отырыстары өткізілетін орын мен уақыт айқын. Көптеген өңірлерде отырыстар жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10-11-де басталады.
Таңдаушылар отырысына облыстың барлық мәслихаттарынан өкілдік ететін сайланған депутаттар санының елу пайыздан астамы қатысқан жағдайда, ол заңды болып саналады.
Республикада барлығы түрлі деңгейдегі 213 мәслихат жұмыс жасайды. Мәслихаттар депутаттарының 3335 мандатының 48-і қазіргі уақытта бос.
Дауыс беру өткізілген болып танылуы үшін таңдаушылардың бірлескен отырысында қатысқан таңдаушылардың елу пайызынан астамы дауыс беруге қатысуы тиіс.
Дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың елу пайыздан астамының дауысын алған кандидат сайланған болып есептеледі.
Сайлаудың соңғы қорытындыларын Ортсайлауком 7 қазаннан кешіктірмей анықтайды. Сайлаудың қорытындылары туралы Ортсайлаукомның хабары БАҚ-та 2014 жылғы 10 қазаннан кешіктірмей жарияланады.
«Дауыс берудің еркіндігі мен құпиялылығы қағидаттары негіз қалаушы болып табылады және мүлтіксіз орындалуы тиіс» - деп атап өтті Қ. Тұрғанқұлов.
26 қазанда 48 округте болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау туралы айта кететін болсақ, жұмылдырылған облыстық және Алматы қалалық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 19 қыркүйектегі жағдай бойынша мәслихаттар депутаттығына 104 кандидат ұсынылды, олардың 9-ы тіркелді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-23-69, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
