| 22.09.2014 |
|
Қазақстан Республикасының шақыруы бойынша ТМД-дан байқаушылар миссиясы мен оның Штабы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын мониторингтеуге кірісті.
Сол күні Миссия өкілдері Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының басшылығымен кездесті. Кездесуде ҚР ОСК Достастықтан байқаушылар миссиясының қалыптасқандығы туралы ақпараттандырылды. Миссия құрамына ТМД-ға қатысушы барлық мемлекеттердің (Украинадан басқа), сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының, Беларусь және Ресей Одағы Парламенті Жиналысының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетінің өкілдері кірді. ТМД Миссиясын ТМД Атқару комитетінің Төрағасы – Атқарушы хатшысы С.Н. Лебедев басқарады.
ТМД-дан байқаушылар миссиясы, бұрынғыдай сайлау мониторингін Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын сақтай отырып, сайлау процесіне араласпай, тәуелсіз жүргізеді.
Өз кезегінде, ҚР ОСК басшылығы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын байқауды жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалатындығы туралы хабардар етті.
ТМД-дан байқаушылар миссиясының мүшелері Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысына қатысты.
Өз қызметі жөнінде Миссия бұқаралық ақпарат құралдарын ақпараттандырып тұрады.
ТМД-дан Байқаушылар миссиясының штабы
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
