| 06.10.2014 |
|
(2014 жылғы 6 қазандағы жағдай бойынша)
«Қазақстан Републикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес ағымдағы жылғы 26 қазанда республиканың 14 өңірінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау 48 сайлау округінде өтеді.
Барлығы 48 депутат сайланатын болады: Алматы қ. мәслихатының 2 депутаты, облыстық мәслихаттардың 2 депутаты, қалалық мәслихаттардың 13 депутаты және аудандық мәслихаттардың 31 депутаты сайланады.
Сайлау науқаны барысында 153 кандидат ұсынылды. Олардың 52-сін саяси партиялар ұсынды, 101-і өзін-өзі ұсынғандар.
Қазіргі сәтте мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды. Барлығы 150 кандидат тіркелді. Олардың 111-і (74 %) – ер адамдар және 39-ы (26 %) – әйел адамдар.
54 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 64-і – партия қатарында жоқ және 32-сі өздерінің партияға тиесілілігін көрсетпеген.
Тіркелген кандидаттардың ішінде 7 ұлттың өкілі бар.
Орташа жасы – 42 жас.
113 (75,3 %) кандидаттың жоғары білімі бар, 31-інің (20,7 %) арнайы орта және
6-уының (4 %) орта білімі бар.
Кандидаттардың 51,3 % -ы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда, 31,3 %-ы – коммерциялық құрылымдарда қызмет жасайды, 7,3 %-ы саяси партиялар мен ҮЕҰ-ның қызметкерлері, 10 %-ы басқа да жұмыс топтарының өкілдері.
Қазіргі уақытта күнтізбелік жоспарға сәйкес, сайлау алдындағы үгіт кезеңі басталды, ол 24 қазанда 24 сағатта аяқталады. Сайлау өтетін күннің алдындағы күні және дауыс беру күні сайлауалды үгітке тыйым салынады.
11 қазаннан бастап азаматтар тиісті сайлау комиссияларының үй-жайында сайлаушылар тізімімен таныса алады, өзі туралы деректерді тексеріп, қажет болған жағдайда тиісті түзету енгізуді талап етуіне болады.
Сайлау науқаны қажетті қаржылық және материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілді және сайлау заңнамасының нормаларына қатаң сәйкес түрде өткізілуде.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
