| 29.10.2014 |
|
2014 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Нью-Дели қаласында (Үндістан) өткен Азиялық сайлау органдары қауымдастығының (АСОҚ) отырысына қатысты.
АСОҚ Бас Ассамблеясының отырысында қауымдастыққа үш жаңа мүшені – Мальдив Республикасының, Өзбекстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссияларын қабылдау туралы шешім қабылдады. Осылайша, Қауымдастық мүшелерінің саны 17-ден 20-ға дейін өсті.
Қазіргі уақытта 1998 жылы құрылған Қауымдастыққа Ауғаныстан, Бангладеш, Бутан, Камбоджи, Үндістан, Индонезия, Қазақстан, Қырғызстан, Корея Республикасы, Мальдив Республикасы, Монғолия, Непал, Пәкістан, Папуа Жаңа Гвинея, Филиппин, Ресей Федерациясы, Шри-Ланка, Тайвань, Тәжікстан мен Өзбекстанның ұлттық сайлау органдары кіреді.
Қауымдастықтың миссиясы азия өңірінде тиімді мемлекеттік басқару мен демократияны қолдау мақсатында ашық және айқын сайлауды көтермелеу жолдарын талқылау мен әзірлеу мақсатында сайлау органдары арасында ақпарат алмасу үшін партиясыз форумды ұйымдастыру болып табылады.
АСОҚ Бас Ассамблеясы Қауымдастық қызметінің ортақ мәселелері мен стратегиясын талқылау, Хатшылықтың атқарылған жұмыс туралы есебін тыңдау, жаңа мүшелерді қабылдау туралы шешімдерді қабылдау үшін екі жылда бір рет жиналатын жоғары орган болып табылады.
АСОҚ Бас Ассамблеясы Қауымдастығының отырысында Үндістан Сайлау комиссиясының Төрағасы В.С. Сампат мырза Қауымдастықтың жаңа төрағасы болып қабылданды, Қауымдастық Жарғысына Хатшылықтың өкілеттіктерін анықтайтын өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды, Қауымдастықтың қаржылық қызметі туралы есептер тыңдалды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
