| 27.10.2014 |
|
Украина Жоғарғы Радасына сайлауды
байқауға қатысу
2014 жылы 26 қазанда өткен Украина Жоғарғы Радасына сайлауды халықаралық байқауға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясынан ҚР ОСК мүшесі М.А. Сәрсембаев және ҚР ОСК ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас сарапшысы М.Ю. Кухаревская қатысты.
Қазақстан, Литва, Латвия, Грузия, Румыния, Еуропалық Сайлау ұйымдастырушылар қауымдастығының өкілдері Чернигов қаласы мен Чернигов облысының сайлау учаскелеріндегі сайлауды байқауға қатысты. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан 2 мың өкіл Украина Жоғарғы Радасына сайлауды байқады.
Сайлауға 450 депутаттық орынға үміткер болған 29 партия тепе-теңдік жүйесі бойынша және бірнеше мыңнан астам кандидат-азаматтар мажоритарлық жүйе бойынша қатысты. Сайлаушылардың келуі 52,5% болды немесе бұл – дауыс беру құқығы бар 18, 5 млн. украиндықтар.
Украина Ортсайлаукомының деректері бойынша дауыстарды санау қорытындыларына сәйкес: «Народный фронт» партиясы украиндық электорат сайлаушыларының 22,17 % дауысын, Петр Порошенко блогы – 21,52 %, «Самопомощь» бірлестігі - 11 %, Оппозициялық блок - 9,37 %, О. Ляшконың радикал партиясы – 7.44 %, «Батькувщина» партиясы - 5,68 % дауыс жинады.
Белгіленген 5 пайыздық көрсеткіш жағдайында Украина Парламентіне (Жоғарғы Радаға) жоғарыда аталған 6 саяси партия өтті. Қалған 23 партия соның ішінде тиісінше 4,67 %, 3,92 % және 1 %-дан кем дауыс жинаған «Свобода» партиясы, Украина Коммунистік партиясы, Оң сектор Жоғарғы Радаға өткен жоқ.
Басқа мемлекеттердің бірқатар өкілдерінің құрамында Қазақстанның өкілдері қатысқан Чернигов қаласы мен Чернигов облысының сайлау учаскелерінде кемшіліктер анықталған жоқ.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
