| 20.12.2014 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шақыруы бойынша 2014 жылғы 21 желтоқсанда өтетін Өзбекстан Республикасының Олий Мажлисіне сайлау барысын байқауды жүзеге асыруда.
Сапар бағдарламасына сәйкес 20 желтоқсанда Қазақстан Ортсайлаукомының Басшысы Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Абдусаломов Мирза-Улугбек Элчиевпен кездеседі.
Аталған кездесу шеңберінде Өзбекстан Республикасының сайлау жүйесінің түрлі аспектілерін, сондай-ақ елдің Олий Мажлисі мен жергілікті жерлердегі биліктің өкілетті органдарына сайлау науқанының барысын талқылау жоспарлануда.
Сонымен қатар 20 желтоқсанда Қазақстан Ортсайлаукомының Төрағасы Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы халықаралық байқаушылар мен халықаралық БАҚ өкілдері үшін ұйымдастырған брифингке қатысып, Ташкент қалалық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездеседі.
Дауыс беру күні, 21 желтоқсанда Қ. Тұрғанқұлов Бұхара қаласында бірқатар сайлау учаскелерін аралап, дауыс беру және дауыстарды санау рәсімдерін ұйымдастыру ерекшеліктерімен, учаскелік сайлау комиссияларының жұмысымен, олардың сайлау процесінің ашықтығын және оның ұлттық сайлау заңнамасының нормаларына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қолданатын шараларымен танысады.
22 желтоқсанда Қазақстан Ортсайлаукомының Басшысы халықаралық байқаушылар мен халықаралық БАҚ өкілдері үшін қорытынды брифингке қатысады.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің сайлауын байқауды Қазақстан Республикасының барлығы 14 өкілі жүзеге асырады, олардың 6-ы ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамына енсе, ШЫҰ-дан миссия құрамына енген және тағы 3-і Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шақыруы бойынша.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
