| 03.03.2015 |
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес ағымдағы жылдың 29 наурызында республиканың 14 өңірінде 59 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді.
Барлығы Астана қаласы мәслихатының 1 депутаты, 8 облыстық депутат, 10 қалалық депутат және аудандық мәслихаттардың 40 депутаты сайланады.
Қазіргі сәтте кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Барлығы 196 адам ұсынылды. Олардың 60-ын саяси партиялар ұсынса, 136-сы өзін-өзі ұсынғандар.
Ұсынылған кандидаттардың 138-і ер адам және 58-і әйел адам.
Мәслихаттар депутаттығына үміткерлердің орташа жасы – 42 жарым жасты құрайды.
85,2 % -ының жоғары білімі бар.
Қазіргі сәтте мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ретінде 135 адам тіркелді.
Олардың 49-ы Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері, енді 25-і өздерінің партияға тиесілілігін көрсетпеген.
Сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтуде.
Орталық сайлау комиссиясына шағымдар мен өтінімдер келіп түскен жоқ.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
