| 06.03.2015 |
|
2015 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Лимана Қойшиеваның мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болды.
Болған емтиханның нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Лимана Қойшиеваның мемлекеттік тілді еркін меңгергені туралы шешім қабылдады.
Қорытынды шешімді жариялай отырып, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков: «Бүгін Президенттікке кандидат Лимана Қойшиева мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау рәсімінен өтті. Оның тапсырмалары мынадай: «Қазақ халқының рухани құндылықтары» деген тақырыпта шығарма жазу, содан кейін Абайдың «Қара сөздері» әдеби еңбегінен көркем мәтінді оқу және соңғы тапсырма – «Әлем және бейбітшілік» деген тақырыпта еркін әңгімелесу болды. Тапсырмаларды кандидат жақсы деңгейде орындады. Біз Лимана Қойшиева мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген қорытындыға келдік»,- деп атап көрсетті.
Шешім лингвистикалық комиссияның 2015 жылғы 6 наурыздағы № 4 хаттамасымен ресімделді.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
