| 09.03.2015 |
|
9 наурызда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды ұсыну барысы және Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру жөніндегі ҚР ОСК жұмысы туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының брифингі болды. 26 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының бекітілген күнтізбелік кестесіне сай 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында кандидаттарды ұсыну басталды. 2-9
наурыз аралығындағы кезеңде ҚР ОСК-ға ұсыну туралы14 өтініш келіп түсті.
Өзін-өзі ұсыну арқылы өз кандидатураларын ұсынғандар:
1. Сырғабаев Асқар Жорабайұлы;
2. Алдажанов Сафиолла Қалабайұлы;
3. Қойшиева Лимана;
4. Әбдікәрімов Бақыт Төлегенұлы;
5. Мырзашов Сухраб Аминжанұлы;
6. Үктешбаев Есенбек Жапарұлы;
7. Джунисбеков Якобжан;
8. Жұман Қайрат Тоқтарұлы;
9. Серғазин Ержан Мерекеұлы;
10. Маишев Қайрат Әлембайұлы;
11. Қайсаров Уәлихан Әбішұлы;
12. Естемесов Бахтияр Өксікбайұлы;
13. Турагелдиев Қанат Сбашұлы.
Сыздықов Тұрғын Ысқақұлы «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.
ҚР ОСК Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың Конституция мен қолданыстағы сайлау туралы заңнамада қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру бойынша қажетті іс-шаралар өткізді.
Бас Прокуратура мен ІІМ-ге тиісті сұраулар жіберілді. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырыстары болды.
Қазіргі уақытта кейбір үміткерлерге қатысты жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша төмендегі анықталды. Әбдікәрімов Бақыт Төлегенұлы, Мырзашов Сухраб Аминжанұлы қырық жасқа толмаған, осыған байланысты оларды 2015 жылғы 6 наурызда ҚР ОСК қаулыларымен тіркеуден бас тартылды.
Сонымен қатар, лингвистикалық комиссия қорытындысының негізінде ҚР ОСК Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар ретінде екі үміткерді – Сырғабаев Асқар Жорабайұлы мен Алдажанов Сафиолла Қалабайұлын тіркеуден бас тартты.
6 наурызда Қойшиева Лиманаға қатысты оның Конституция мен сайлау туралы заңның талаптарына сәйкестігі туралы тиісті қаулы қабылданды. Оған өзінің кандидатурасын қолдап сайлаушылардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілді.
«Үміткерлердің өз қолдарымен жазған мәліметтерінің өзін Ортсайлауком мұқият тексеруде. Мысалы, өз кандидатурасын ұсынған У. Қайсаров Президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге ниет білдіру туралы өтінішінде басқа мемлекеттің азаматтығында тұрғанын өз қолымен көрсеткен. Осы мәселе бойынша біз ІІМ-ге аталған деректерді тексеру үшін сұрау жібердік. Сондай-ақ осы үміткер мемлекеттік тілде толтырған өмірбаяндық деректерде бірнеше қателер кеткен» - деп атап көрсетті брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж. Сүлеймен.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
