| 07.03.2015 |
|
2015 жылғы 7 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қанат Тоқтарұлы Жұманның мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болды.
Өткен емтиханның нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қанат Тоқтарұлы Жұманның мемлекеттік тілді еркін меңгермегені туралы шешім қабылдады.
Лингвистикалық комиссияның Төрағасы М. Жолдасбеков комиссияның қабылдаған шешімі туралы жариялап, еліміздің жоғары мемлекеттік лауазымына үміткердің жазбаша және ауызша тілді еркін меңгерудегі білімдері мен қабілеттерін тексерудің барысы туралы айтты.
Комиссия төрағасы: «Кандидат жазбаша тапсырмада «Менің елім, менің жерім» атты өзі таңдаған тақырыпты аша алмады, негізгі ойды жазбаша сауатты түрде жеткізе алмады. Жіберілген стилистикалық және пунктуациялық қателердің саны - 31.
Абай Құнанбаевтың поэзиясын оқу кезінде орфоэпиялық қателер жіберілді. Қанат Тоқтарұлы Жұман қазақ тілінде бір өлең де оқып бере алмады.
Кандидат өзі таңдаған «Қазақ мемлекеттілігінің бастаулары» атты тақырыпта көпшілік алдында комиссия белгілеген 15 минуттың орнына 5 минут сөз сөйледі, сөйлеу барысында әдеби тіл нормаларын сақтамай, сөздік қорының аздығын көрсетті.
Нәтижесінде лингвистикалық комиссия аталған кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгермегені туралы шешім қабылдады»,- деп қорытынды шығарды.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
