| 09.03.2015 |
|
2015 жылғы 9 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Есенбек Жапарұлы Үктешбаевтың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болды.
Лингвистикалық комиссияның шешімімен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Есенбек Жапарұлы Үктешбаев мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деп танылды.
Лингвистикалық комиссияның Төрағасы М. Жолдасбеков комиссияның шешімді ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылдағанын жариялап, емтихан барысы туралы айтты.
«Таңдаған тақырыпты ашу талап етілетін жазбаша тапсырмада кандидат өз ойын қисынына келтіріп жеткізе алмады, сөз тіркестерінің әдеби нормаларын бұза отырып, сөйлемдерді стилистикалық жағынан дұрыс құрған жоқ. Жазбаша тапсырманың көлемі талап етілетін екі парақтан кем болды. Кейінгі тапсырмада үміткер Мұқағали Мақатаевтың «Сезім» атты өлеңін оқуда қателер жіберді және оқылған өлеңнің мазмұны бойынша комиссияның қойған сұрақтарына жауап берген жоқ.
«Қоғам және демократия» деген тақырыпта көпшілік алдында сөз сөйлеуде қажетті 15 минуттың орнына кандидат 10 минут сөйледі, тақырыпты ашпады, әдеби тіл нормаларын бұзды және сұрақтарға қанағаттанарлықсыз жауап берді».
Отырысқа Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
