| 10.03.2015 |
|
2015 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болды.
Лингвистикалық комиссияның төрағасы М. Жолдасбеков «Біздің күшіміз – бірлікте» тақырыбында жазбаша тапсырманы жазуда үміткер алты қате, оның ішінде үш орфографиялық екі пунктуациялық, бір стильдік қате жібергенін хабарлады. Ол: «Шығарманың көлемі белгіленген екі параққа сәйкес келеді, тақырып ашылған, кандидаттың сөздік қоры жеткілікті, ойын дұрыс, түсінікті жеткізген.
Бауыржан Момышұлының шығармасынан үзінді оқыды, комиссия мүшелері қойған сұраққа жауап берді, Б. Момышұлы прозасын түсінгенін аңғартты. Шығарманы орфоэпиялық нормаларға сәйкес оқыды.
Көпшілік алдында 15 минут сөз сөйлеу кезінде кандидат «Астана – тәуелсіздік тұғыры» деген тақырыпты ашты. Сөз саптауы қазақ әдеби тілінің нормаларына сәйкес» деп мәлімдеді.
Лингвистикалық комиссияның ашық дауыс беру арқылы бірауыздан қабылданған және отырыстың хаттамасымен ресімделген шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов мемлекеттік тілді еркін меңгерген.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
