| 09.03.2015 |
|
9 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, онда өз кандидатураларын ұсынған үміткерлер - Қанат Тоқтарұлы Жұманға, Есенбек Жапарұлы Үктешбаевқа және Уәлихан Әбішұлы Қайсаровқа олардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар ретінде тіркеуден бас тарту туралы шешімдер қабылданды.
Аталған үміткерлерге қатысты жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мынаны анықтады. Қанат Тоқтарұлы Жұман Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның 2015 жылғы 7 наурыздағы № 6 қорытындысының негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгермеген.
Есенбек Жапарұлы Үктешбаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның 2015 жылғы 9 наурыздағы № 7 қорытындысының негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгермеген.
Уәлихан Әбішұлы Қайсаров Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның 2015 жылғы 9 наурыздағы № 8 қорытындысының негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгермеген.
Сондай-ақ 9 наурызда Орталық сайлау комиссиясы «2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында қол қою парақтарын тексеру барысында сайлаушылардың қолдарын жалған деп тану негіздері туралы» қаулы қабылдап, Президенттікке кандидаттарды қолдап жиналған сайлаушылардың қолдарын тексеру барысында:
1) бірнеше адам үшін бір қолмен орындалған;
2) нақты кандидат үшін қол қою парақтарында бір адам бір реттен артық орындаған;
3) қол қою парағына сай деректер толық болмаған кезде;
4) өз қолын кері қайтарып алушы сайлаушының жазбаша өтініші болған кезде;
5) белсенді сайлау құқығы жоқ адам орындаған;
6) қайтыс болған адамдар үшін орындалған сайлаушылардың қолдары жалған болып танылатынын айқындады.
Аумақтық сайлау комиссиясы, қол заңдардың талаптарын бұза отырып алынғаны анықталатын өзге жағдайларда да, қолды жалған деп тануы мүмкін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
