| 10.03.2015 |
|
2015 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Ержан Мерекеұлы Серғазиннің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болды.
Өткен емтиханның нәтижелері бойынша комиссия төрағасы М. Жолдасбеков бірауыздан қабылданған лингвистикалық комиссияның мынадай шешімін мәлімдеді: «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Ержан Мерекеұлы Серғазин мемлекеттік тілді еркін меңгермеген.
Бірінші жазбаша тапсырмада кандидат «Конституция – тұрақты даму кепілі» тақырыбын ашпады, қоғамдық-саяси білімінің төмендігін көрсетті, жиырма төрт қате жіберді, оның алтауы – орфографиялық, он үші – пунктуациялық, бесеуі – стильдік.
Екінші тапсырмада кандидат Абайдың «Қара сөздерінен» өлең шумақтарын оқу кезінде қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын бұзды. «Қазақ өнерінің бел-белесі» тақырыбында көпшілік алдында сөз сөйлеуі кезінде кандидат өз ойын жинақы, жүйелі әрі қисынды жеткізе алмады. Үміткердің сөзі тавтологияға, ауызекі лексикаға толы болды және ол кейбір сөздерді орынсыз қолданды, осының бәрі емтихан тапсырушының сөздік қорының жеткіліксіз екенін дәлелдейді.
Жоғарыда баяндалғанның барлығын ескере отырып, комиссия бірауыздан аталған кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгермегені туралы шешім қабылдады».
Отырысқа Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
