| 12.03.2015 |
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес ағымдағы жылғы 29 наурызда республиканың 14 өңіріндегі 59 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау болады.
Барлығы 59 депутат: Астана қ. мәслихатының 1 депутаты, облыстық мәслихаттың 8 депутаты, қалалық мәслихаттың 10 депутаты және аудандық мәслихаттың 40 депутаты сайланады.
Сайлау науқаны барысында 196 кандидат ұсынылды, олардың 60-ын саяси партиялар ұсынды, 136-сы – өзін-өзі ұсынғандар. Қазіргі сәтте мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды. Барлығы 179 кандидат тіркелді. Олардың ішінде 128 (71,5%) – ерлер және 51 (28,5%) – әйелдер.
60 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 72-сі – партияда қатарында жоқ, тағы 47-сі – өздерінің партияға тиесілілігін көрсетпеген.
Тіркелген кандидаттардың арасында 9 ұлттың өкілдері бар.
Олардың орташа жасы - 42 жас.
152 кандидат (84,9 %) – жоғары білімді, 22 кандидаттың (12,3 %) арнайы орта білімді және 5 кандидат (2,8 %) – орта білімді. 55,3 % кандидат мемлекеттік мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда; 33,5 % - коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді; 6,1 % - саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері; 5,1 % басқа кәсіп түрлерімен айналысады.
Қазіргі уақытта күнтізбелік жоспарға сәйкес сайлау алдындағы үгіт кезеңі басталды, ол 27 наурызда 24 сағатта аяқталады. Сайлау болатын күннің алдындағы күні және дауыс беру күні сайлау алдындағы үгітке тыйым салынады.
14 наурыздан бастап учаскелік сайлау комиссияларының үй-жайларындағы азаматтар сайлаушылар тізімдерімен таныса алады, ондағы өздері туралы мәліметтерді тексеруі мүмкін және қателер жіберілген жағдайда түзетулер енгізуді талап етеді.
Сайлау науқаны қажетті қаржылық және материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілген және сайлау заңнамасының нормаларына қатаң түрде сәйкес жүргізіледі.
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
