| 12.03.2015 |
|
2015 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қанат Сбашұлы Турагелдиевтің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болды.
Отырыстың қорытындылары бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қанат Сбашұлы Турагелдиевтің мемлекеттік тілді еркін меңгергені туралы шешім қабылдады.
Лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков қабылданған шешімді жариялай отырып: «Бүгін мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау рәсімінен Президенттіктен үміткер Қанат Турагелдиев өтті. «Отты жылдар тағлымы» тақырыбындағы шығармасында жеті қате жіберілген, бірақ тақырып толық қамтылып, жақсы әдеби деңгейде мазмұндалған. Сондай-ақ үміткер Фариза Оңғарсынованың поэзиясын таңдай отырып мәнерлеп оқу машықтарын жетік меңгергендігін көрсетті. Үшінші тапсырмада – көпшілік алдында сөз сөйлеу кезінде, үміткер «Халық тарихы және рухани жәдігерлер» тақырыбын дәйекті және толық баяндай отырып, жан-жақты ашты, өзінің бай сөздік қорын паш етіп, материалды эмоциялы жеткізе білді» деп мәлімдеді.
Шешім лингвистикалық комиссияның 2015 жылғы 12 наурыздағы № 12 хаттамасымен ресімделді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
