| 11.03.2015 |
|
2015 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болды.
Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау рәсімінің нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекеттік тілді еркін меңгергені туралы шешім қабылдады.
Лингвистикалық комиссияның төрағасы М. Жолдасбеков комиссияның шешімін жариялай отырып: «Нұрсұлтан Әбішұлының қазақ тілін терең меңгергені бәрімізге аян. Осыған қарамастан, Елбасы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Конституция мен сайлау заңнамасының талаптарын құрметтей отырып, ұсынылған тақырыптарды түбегейлі ашып, қазақ әдеби тілінің нормаларын, материалды бейнелеп жеткізу тәсілдерін өте жақсы меңгергенін, мінсіз логикасын көрсетті. Елбасы көлемі жағынан екі парақтан аспауға тиіс «Біздің күшіміз – бірлікте» тақырыбындағы жазбаша тапсырманы орындады. Сондай-ақ Нұрсұлтан Әбішұлы Ілияс Есенберлиннің шығармасынан үзінді оқып, «Бабалар сөзі – даналық көзі» тақырыбында сөз сөйледі» деп мәлімдеді.
Лингвистикалық комиссияның отырысына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж. Сүлеймен қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
