| 12.03.2015 |
|
2015 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Бахтияр Өксікбайұлы Естемесовтің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болды.
Болған емтиханның нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Бахтияр Өксікбайұлы Естемесовтің мемлекеттік тілді еркін меңгермегені туралы шешім қабылдады.
Комиссия төрағасы М. Жолдасбеков аталған шешімді түсіндіре келе, «Кандидат білімінің өте төмен деңгейде екенін көрсетті. Бірінші жазбаша тапсырмада кандидат Абайдың «Нұрлы ақыл, ыстық қайрат…» сөзінің мағынасын ашпай, өз ойын тұжырымдай алмады, көлемі бір жарым беттен тұратын мәтінде жалпы 50 қате жіберді.
Екінші тапсырма бойынша, Мұқағали Мақатаевтың екі өлеңін оқыды. Дауыс ырғағы дұрыс болған жоқ, мақышына келтіріп оқи алмайтынын көрсетті, жекелеген сөздерді анық оқыған жоқ, осының бәрі оқылған мәтіннің мазмұнын қабылдауды қиындатты. Үшінші тапсырмада комиссия белгілеген көпшілік алдында 15 минут сөз сөйлеудің орнына, кандидат 3 минут сөйледі. Нәтижесінде «Тіл тағдыры – халық тағдыры» тақырыбын ол мүлде ашпады, ойы анық емес, сөздік қоры еліміздің жоғары мемлекеттік лауазымына үміткердің тиісті деңгейіне сәйкес келмейді» деп мәлімдеді.
Лингвистикалық комиссияның отырысына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.А. Сәрсембаев қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
