| 13.03.2015 |
|
13 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, онда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қанат Сбашұлы Турагелдиевтің Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу және оған өз кандидатурасын қолдап қолдар жинау үшін қол қою парақтарын беру туралы қаулы қабылданды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Бахтияр Өксікбайұлы Естемесовтің Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты оны Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдады.
Аталған үміткерге қатысты жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Бахтияр Өксікбайұлы Естемесов Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның 2015 жылғы 12 наурыздағы № 13 қорытындысының негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деп белгіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
