| 16.03.2015 |
|
2015 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Жарылқап Сейдләұлы Қалыбайдың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болды.
Болған емтиханның нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жарылқап Сейдләұлы Қалыбайдың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы шешім қабылдады.
Қорытынды шешімді жариялай отырып, лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков: «Кандидат жазбаша тапсырманы қатесіз орындады, «Отты жылдар тағлымы» тақырыбын толық ашып, өз ойын жақсы әдеби деңгейде жеткізді. Екінші тапсырмада үміткер Бауыржан Момышұлының шығармасынан үзінді оқыды. Үшінші тапсырма бойынша кандидат өз ойын қазақ тілінің барлық ережелері мен нормаларын сақтай отырып, еркін әрі стильдік жағынан сауатты, қисынына келтіріп баяндай білді. 15 минут сөйлеген сөзінің тақырыбы – «Мәдени мұра – байтақ қазына» деп мәлімдеді. Шешім лингвистикалық комиссияның 2015 жылғы 16 наурыздағы № 16 хаттамасымен ресімделді.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
