| 17.03.2015 |
|
2015 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Хасен Кәрімжанұлы Қожа-Ахметтің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болды.
Болған емтиханның нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Хасен Кәрімжанұлы Қожа-Ахметтің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы шешім қабылдады.
Лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков емтихан нәтижелерін жариялау кезінде: «Конституция – тұрақты даму кепілі» деп аталатын жазбаша тапсырманың тақырыбы ашылды. Бұл ретте кандидат 4 қате жіберді: 1 – орфографиялық, 1- стильдік және 2 - пунктуациялық.
Екінші тапсырмада үміткер Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романынан үзіндіні мәнерлеп, нақышына келтіріп, қазақ тілінің орфоэпиялық заңдылықтарын сақтай отырып, оқып берді.
Үшінші тапсырма «Қазақ мемлекеттілігінің бастаулары» тақырыбында 15 минуттық сөз сөйлеу болды. Кандидат аталған тақырыпты толық ашты, тарихи фактілерді мысал ретінде келтіре отырып, сөйлемдерді дұрыс құрып, өз ойын сауатты жеткізді, әдеби тілде жақсы сөйледі» деп мәлімдеді.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
