| 24.03.2015 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 24 наурыздағы өзінің отырысында Якобжан Жүнісбековті, Қайрат Әлембайұлы Маишевті, Айгүл Дүйсенбайқызы Өтепова мен Амантай Хантемірұлы Асылбекті Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулыларын қабылдады.
Бұл шешім аталған кандидаттар лингвистикалық комиссияның отырыстарына келмегендіктен, олардың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның кандидаттарға қойылатын талаптарының мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бөлігінде сәйкестігінің белгіленбеуіне байланысты туындады.
Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы Қанат Сабырұлы Есжанов пен Біржан Жетіруұлы Ділмағамбетті олардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау рәсімінен өтуден бас тартуларына байланысты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартты.
Сонымен қатар Ортсайлауком хатшысы Б.С. Мелдешов Мұхамедрахим Қадырбайұлы Құрсабаевтан, Мэлс Хамзаұлы Елеусізов пен Жақсыбай Әбішұлы Бәзілбаевтан өз кандидатураларын алып тастау туралы жазбаша өтініштері түскені туралы комиссияны ақпараттандырды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-23-69
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
