| 25.04.2015 |
|
2015 жылғы 25 сәуірде Орталық сайлау комиссиясы «2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеудің күшін жою туралы» қаулы қабылдады, оған сәйкес ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлауды байқау жөніндегі Миссиясының ресми үндеуіне байланысты ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлауды байқау жөніндегі Миссиясының екі байқаушысы Сергей Калашниковты және Степан Тапананды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттеудің күші жойылды және бұған дейін берілген аккредиттеу туралы куәліктері кері қайтарылды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» 2015 жылғы 20 сәуірдегі №29/56 қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-23-69
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
