| 26.04.2015 |
|
Сағат 22-де Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары В. Фоостың және ҚР ОСК-ның мүшесі Л. Сүлейменнің брифингтері болып өтті.
«Сіздердің барлығыңыз азаматтардың теңдессіз белсенділігінің куәсі болдыңыздар. Жалпы барлық өңірлерде адамдар сайлау учаскелеріне дауыс беру басталмай жатып келіп, жабылғанға дейін келулерін тоқтатқан жоқ. Мұның даусыз факт екеніне сайлау учаскелерінде болған қазақстандық және халықаралық байқаушылардың көзі жетіп, атап өтті», - деп атап өтті В.Фоос.
«Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінің жанында құрылған учаскелер бойынша деректерді қоспағанда, сайлаушылардың келуі туралы жедел мәліметтерді ұсынуға дайынбыз. Олардан мәліметтер кешірек келіп түседі», - деді ҚР ОСК Төрағасының орынбасары.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларынан түскен хабарлар бойынша жалпы республика бойынша сайлаушылардың келуі 95,11 %-ды құрады.
Оның ішінде өңірлер бойынша:
Ақмола облысы бойынша 96,91 %,
Ақтөбе облысы бойынша 96,36 %,
Алматы облысы бойынша 98,48 %,
Атырау облысы бойынша 97,75 %,
Батыс Қазақстан облысы бойынша 96,51 %,
Жамбыл облысы бойынша 97,31 %,
Қарағанды облысы бойынша 97,21 %,
Қостанай облысы бойынша 96,80 %,
Қызылорда облысы бойынша 97,52 %,
Маңғыстау облысы бойынша 95,36 %,
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 97,78 %,
Павлодар облысы бойынша 96,35 %,
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 97,71 %,
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 97,47 %,
Астана қаласы бойынша 94,51 %,
Алматы қаласы бойынша 78,28 %.
Қазіргі уақытта сайлау учаскелерінің барлығында дауыстарды санау жүргізіліп жатыр.
Сайлау заңнамасына сәйкес, дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап он екі сағаттан аспауы тиіс.
«Ертең Ортсайлаукомға жедел деректер келіп түскеннен кейін Сіздерді Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берудің алдын ала қорытындыларымен таныстырамыз»,- деді Ортсайлауком Төрағасының орынбасары брифинг соңында.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-23-69- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
