| 19.08.2015 |
|
2015 жылғы 18-21 тамыз аралығында Доминикана Республикасының астанасы Санто-Доминго қаласында Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығының екінші Бас Ассамблеясы (ДСОҚ) өтуде.
Қазіргі сәтте 94 елден 97 сайлау органдарын қамтыған қауымдастық 2013 жылы қазанда Оңтүстік Корея сайлау органдарының бастамасы бойынша сайлау процесін ұйымдастырудағы ынтымақтастықты кеңейту және демократиялық қағидаттарды нығайту мақсатында құрылды.
2015 жылғы 18 тамызда өткен ашылу рәсімінде жиналғандар алдында Демократия және электораттық көмек халықаралық институтының Бас хатшысы, Бельгияның бұрынғы премьер-министрі Ив Летерм мырза «Демократия сапасын жақсартудағы сайлау органдарының жауапкершілігі» тақырыбында құттықтау сөз сөйледі.
19 тамызда форум шеңберінде «Сайлау органдарының адал сайлауды қамтамасыз етудегі рөлі мен міндеттері» атты конференция өз жұмысын бастады. Онда қатысушылар электораттық құрылымды, сайлауды қаржыландыруды, әлеуметтік БАҚ-тардың сайлау науқаны кезеңіндегі рөлін, сайлауды ұйымдастыру мен өткізуде жаңа ақпараттық технологияларды енгізуді және қолдануды, сондай-ақ электораттық саладағы келешегі мен міндеттерін талқылауды жоспарлауда.
Қауымдастыққа қатысушы елдердің сайлау органдары делегацияларының өкілдері түрлі мемлекеттердің сайлау жүйелерінің ерекшеліктерін, сондай-ақ сайлау заңнамасы мен сайлауды халықаралық байқау институтының негізгі даму үрдістерін қарастыруға ерекше көңіл бөлді.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілдері еліміздегі сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізу тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ сайлау процесін жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылауға белсенді қатысты.
Конференцияда және Бас Ассамблеяның отырысында айтылған сарапшылар мен қатысушылардың пікірлері талқыланатын мәселелердің кешендік көрінісін қалыптастыруда көмектесуге, оларды түпкілікті талдау жолдарын ұсынуға, сондай-ақ әр түрлі елдердің сайлау органдарының тәжірибесінде тиімді қолдануға көмектеседі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-23-69
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
