| 27.08.2015 |
|
2015 жылғы 26 тамызда «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 26 тамыздағы Жарлығына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Рашид Төлеутайұлы Түсіпбековты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде тіркеді.
Сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 12-, 45-, 46-баптарына, 97-1 бабының 5-, 6-тармақтарына және 98-бабына сәйкес Ортсайлауком «Нұр Отан» Патиясының жетекші органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының босаған мандатын «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Қанат Бекмырзаұлы Саудабаевқа беру туралы қаулы қабылдады.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.Т. Тұрғанқұлов тіркелген депутаттарға белгіленген үлгідегі тиісті куәліктер мен омырауға тағатын белгілерді тапсырды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-23-69
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
