| 08.06.2015 |
|
2015 жылғы 4-8 маусым аралығында ҚР ОСК Төрағасы Қ.Т. Тұрғанқұловтың Стамбул қаласына 2015 жылғы 7 маусымға тағайындалған Түркия Ұлы ұлттық жиналысы депутаттарының 25-ші Жалпыға бірдей сайлауын Түрік кеңесі байқаушылары миссиясының шеңберіндегі сапары болды.
Сапар барысында партиялардың, сайлау органдарының өкілдерімен және Стамбул қаласы әкімшілігінің лауазымды адамдарымен бірқатар кездесулер өтті.
Сындарлы пікір алмасу барысында сайлауды қаржылық, құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету, сайлаушылардың тізімдерін жасау, нақтылау және түзету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сайлау процесіне қатысушылардың, сондай-ақ жергілікті және халықаралық байқаушылардың сайлау комиссияларымен, мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру сияқты өзекті тақырыптар қозғалды.
Кездесуге қатысушылар сайлау заңнамасы нормаларының бұлжытпай сақталуын сайлау процесіне қатысушылардың бәрінің қамтамасыз етуі қажеттігін ерекше атап көрсетті.
7 маусымда дауыс беру күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Басшысы Стамбул қаласының бірқатар сайлау учаскелерінде болып, сайлаушылардың тұтастай дерлік келгенін, парламенттік сайлауды ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығын, сондай-ақ сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін атап көрсетті.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-23-69
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
