| 11.09.2015 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор М.А. Сәрсембаев 2015 жылғы 9-11 қыркүйек аралығында Кишинев (Молдова) қаласында өтіп жатқан Еуропа елдері сайлауды ұйымдастырушылары қауымдастығы Бас Ассамблеясының 24-ші жыл сайынғы конференциясына және отырысына қатысуда.
Конференция тақырыбы: «Сайлау процесіне қатысушыларды үздіксіз оқыту: сайлаушылар теңдігі, дауыстар теңдігі». М. А. Сәрсембаев талқыланған мәселелердің бірқатары бойынша еліміздің тәжірибесімен бөлісіп, «Қазақстан және Еуропа заңнамасындағы сайлаушылардың теңдік қағидаты» тақырыбында сөз сөйледі.
Конференцияға және ЕЕСҰҚ Бас Ассамблеясының отырысына қатысқан көптеген сарапшылар мұндай іс-шаралар сайлау құқығы саласындағы мамандар тобына сайлау институтын ілгері дамытудың бағыттары туралы пікір алмасуға, түрлі елдердегі сайлау науқандарын ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісу мүмкіндігін береді деген пікірге келді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-23-69
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
