| 16.11.2026 |
|
Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы
Нұрлан Әбдіровті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2026 жылы 29 қарашада өтетін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық барысы бойынша сайлау органдарының атқарып жатқан жұмысы жөнінде ақпарат берілді.
Президент сайлауды «Заң және тәртіп» конституциялық қағидаты негізінде өткізу, кандидаттар мен саяси партиялардың барлығына тең жағдай жасау маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы алдағы уақытта депутаттық корпустың жаңаруы жергілікті өкілді органдардың қызметін едәуір күшейтетініне баса назар аударды.
Ақорданың баспасөз қызметі
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, кенттер мен ауылдар әкімдерінің сайлауы
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

