| 24.08.2026 |
|
БАСПАСӨЗ АНОНСЫ
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 24 тамыз күні сағат 10.30-да 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс берудің алдын-ала нәтижелерін жариялайды.
Сонымен қатар алғашқы Құрылтай сайлауында дауыс беру барысына халықаралық байқау жүргізген ТМД атынан байқаушылар миссиясының өкілдері, сондай-ақ шет мемлекеттердің орталық сайлау органдарының басшылары мен өкілдері сөз сөйлейді.
Өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.
БАҚ өкілдерін аккредиттеу 2026 жылғы 24 тамызда сағат 9.30-ға дейін келесі телефон нөмірлері арқылы жүргізіледі: +7 706 817 17 81.
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, кенттер мен ауылдар әкімдерінің сайлауы
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
