| 23.08.2026 |
|
Учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпаратқа сәйкес сағат жетідегі жағдай бойынша өңірлерде 10 363 сайлау учаскесі дауыс беруге кіріскенін хабарлайды.
Сондай-ақ, 16 шет мемлекетте 19 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды.
Осылайша ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауы басталды.
Аумақтық сайлау комиссияларының шешімдеріне сәйкес 107 учаскеде дауыс беру таңғы сағат алтыда басталды.
Сайлаушылар тізімдеріне 12 605 788 адам енгізілген. Олардың 17 132-сі дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін алды.
Барлығы 10 423 сайлау учаскесі бар, оның ішінде 61 шет мемлекетте 79 учаске.
Бір сағаттан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі учаскелердің ашылуы туралы ақпараты ұсынылатын болады.
Орталық сайлау комиссиясы сағат 10.00-ден бастап екі сағат сайын сайлаушылардың дауыс беруі туралы хабарлайтын болады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

