| 22.08.2026 |
|
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ШЕТ
МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫМЕН
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КҮШЕЙТУДЕ
Қазақстан мен Беларусь сайлау саласындағы кәсіби өзара іс-қимылды кеңейтуде. Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының Орталық сайлау комиссияларының басшылары өзара туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумға қол қою рәсімі Беларусь делегациясының Құрылтай депутаттарының сайлауын байқау үшін Қазақстанға сапары және Нұрлан Әбдіровтің Беларусь Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенкомен кездесуі аясында өтті.
Меморандум сайлау мен референдумдарды ұйымдастыру және өткізу саласындағы кәсіби өзара іс-қимылды дамытуға және тәжірибе алмасуға бағытталған. Тараптар сайлау заңнамасын жетілдіру, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті арттыру және сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби даярлығын жетілдіру, сондай-ақ заманауи сайлау технологияларын қолдану мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатуға ниетті.
Құжат сондай-ақ әдістемелік, талдамалық және ақпараттық материалдармен алмасуды, семинарлар, конференциялар және өзге де бірлескен іс-шаралар өткізуді, практикалық тәжірибе алмасу мақсатында сайлау органдары өкілдерінің жұмыс сапарларын ұйымдастыруды көздейді.
«Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою біздің өзара іс-қимылымыз бен ынтымақтастығымызды едәуір нығайтады деп сенемін», - деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.
Осы күні ОСК Төрағасының әріптестерімен кездесулері жалғасты. Атап айтқанда, күннің бірінші жартысында ол Ресей Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Элла Памфиловамен келіссөздер жүргізді.
Нұрлан Әбдіров Молдова Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Анжелика Караманмен де кездесті. Кездесудің талқыланған негізгі тақырып Қазақстанның сайлау заңнамасындағы жаңашылдықтарға бағытталды. Атап айтқанда, үздіксіз жұмыс істейтін өндірісі бар ұйымдарда және вахталық кенттерде сайлау учаскелерін ашуға мүмкіндік беретін нормалар талқыланды.
Сондай-ақ Нұрлан Әбдіров Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаевтың бірқатар өзекті сауалдарына жауап берді.
Нұрлан Әбдіров Тәжікстан Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы Бахтиёр Худоерзодаға алдағы сайлау туралы азаматтарды ақпараттандырудың түрлі арналары, сондай-ақ инновациялық әдістерді қолдану жөнінде айтып берді.
Түркия Республикасының Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Сердар Муттамен кездесуде Нұрлан Әбдіров сайлау заңнамасының негізгі нормалары туралы жан-жақты хабардар етті.
Қазақстан ОСК Төрағасының Грузия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Георгий Каландаришвилимен кездесуіндегі маңызды тақырыптардың бірі мүгедектігі бар сайлаушылар үшін дауыс беруге лайықты жағдай жасау мәселелері болды.
Сонымен қатар ОСК Төрағасы мен мүшелері шет мемлекеттердің орталық сайлау органдарына арналған брифинг өткізіп, онда Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформа және алғашқы Құрылтай сайлауының маңызы туралы жан-жақты айтып берді.
Алдағы сайлауға дайындық барысында атқарылған жұмыстар туралы ОСК хатшысы Шавхат Өтемісов Түрікменстанның Сайлау және референдум өткізу жөніндегі Орталық комиссиясы төрағасының орынбасары Амангелді Гандымовқа жан-жақты ақпарат берді.
ҚР ОСК хатшысы Шавхат Өтемісов пен ОСК мүшесі Михаил Бортниктің Мальдив Республикасының Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Абдул Рахман Рашидпен кездесуі мазмұнды өтті. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының хатшысы сайлау комиссиялары мүшелерін онлайн және офлайн форматтарда тұрақты оқыту мәселелеріне жеке тоқталды.
Сондай-ақ күннің екінші жартысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник Беларусь пен Ресей одағы Парламенттік жиналысының делегациясымен келіссөздер жүргізді.
Сонымен қатар халықаралық байқаушыларға Қазақстанның жасанды интеллектіні қолдану саласындағы елеулі жетістіктері мен әлеуеті таныстырылды. Олар Халықаралық жасанды интеллект орталығы Аlem.ai-да іске асырылып жатқан стартаптармен және Astana Hub орталығының мүмкіндіктерімен, жасанды интеллект негізіндегі мемлекеттік басқару экожүйесін қалыптастыру бағытындағы отандық жобалармен, сондай-ақ Tomorrow School және Tumo Astana жобаларымен танысты.
Сол күні Орталық сайлау комиссиясында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өтті. Құрылтай депутаттарының сайлау барысын жариялау үшін Қазақстанға 26 елден 31 БАҚ өкілі келді. Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман және Комиссия мүшесі Ләззат Сүйіндік шетелдік журналистерге Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар, жаңа Конституцияның қабылдануы, сондай-ақ Құрылтай депутаттары сайлауын ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы




























