| 14.08.2026 |
|
ҚР ОСК МҮШЕСІ МИХАИЛ БОРТНИК ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
2026 жылғы 13-14 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник инспекциялық сапармен Шығыс Қазақстан облысына барып, Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық барысымен танысты, сондай-ақ аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын зерделеді.
Сапар аясында ол Өскемен және Риддер қалаларындағы сайлау учаскелерінде болып, мемлекеттік органдардың өкілдерімен, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларымен кездесті.
Сапардың бірінші күні Михаил Бортниктің төрағалығымен облыс басшылығының, прокуратураның, полиция, төтенше жағдайлар департаментінің, әлеуметтік қорғау саласының және өңірдің басқа да мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Кеңес барысында сайлауға дайындық барысы және жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат ұсынылды.
ОСК мүшесі сайлауды сайлау заңнамасының талаптарына қатаң сәйкестікте өткізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл ретте сайлау учаскелерінде сайлау процесінің барлық қатысушылары үшін қажетті жағдайлар жасауға және учаскелердің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болуына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқықтарын толыққанды қамтамасыз етуі мақсатында дауыс беру күні денсаулық жағдайына байланысты, отбасының науқас мүшесіне күтім жасауына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын, сондай-ақ сайлау учаскелері құрылмаған шалғай және қатынасу қиын елді мекендерде тұратын азаматтардың сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беруін ұйымдастыру мәселелеріне баса назар аударды.
Сондай-ақ ол жазғы кезеңде азаматтардың бір бөлігі демалыста болатындығын ескере отырып, сайлаушылар үшін дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәліктерін алу тәртібі туралы кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Сапардың келесі күні жұмыс тобы Риддер қаласындағы №125, №129 және №131 сайлау учаскелерінде болды. Сайлау учаскелеріндегі учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру, комиссия мүшелерін оқыту, материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелеріне басымдық берілді.
№125 сайлау учаскесінің базасында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті. Семинар барысында сайлау учаскелерінде болуы мүмкін практикалық кейстер мен жағдайлар талданып, олардың шешу жолдары қарастырылды. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардың сайлау заңнамасын білу деңгейіне бағалау жүргізілді. Тестілеу Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қашықтан оқыту және тестілеу жүйесі базасында өткізілді. Инспекциялық сапар қорытындысы бойынша Михаил Бортник сайлау комиссияларының кәсіби даярлығын тұрақты әрі жүйелі түрде жетілдірудің, сайлау учаскелерінің дайын болуын қамтамасыз етудің және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Ол сайлауды ұйымдастырудың барлық кезеңдеріндегі негізгі басымдықтардың бірі заңнама талаптарын сақтау, сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету екенін атап өтті.
Айта кетейік, өңірде 534 сайлау учаскесі жұмыс істейді, онда 3692 комиссия мүшесі жұмылдырылған.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



