| 04.08.2026 |
|
ҚР ОСК ТӨРАҒАСЫ ТМД ПАА БАЙҚАУШЫЛАР
ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар делегациясының басшылығымен кездесуде алдағы Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық барысын, сондай-ақ миссияның жұмыс жоспарларын талқылады.
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы ТМД ПАА байқаушыларының еліміздегі сайлау науқандарын халықаралық байқау жүргізуге тұрақты түрде қатысып келе жатқанын және екіжақты ынтымақтастықтың көпжылдық тәжірибесін ерекше атап өтті. Нұрлан Әбдіров миссияның биылғы наурыз айында Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөнінде өткен референдумды халықаралық байқауға қатысқанын еске салды. Сондай-ақ ол ТМД ПАА байқаушылары тарапынан сол кезде көрсеткен жоғары кәсібилігі мен объективтілігіне жоғары баға берді.
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы делегация мүшелеріне Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы айтып берді. Сондай-ақ ол сайлау заңнамасына енгізілген жаңашылдықтар мен сайлау науқанының кезеңдері жөнінде ақпарат берді. Сайлау инфрақұрылымының негізгі көрсеткіштері мен сайлаушыларды ақпараттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Кездесу барысында мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында алдағы сайлау науқаны аясында халықаралық байқаушылар миссияларының толыққанды жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдай жасалатыны атап өтілді. Кездесу соңында халықаралық байқаушылар БАҚ өкілдеріне арналған дәстүрлі брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы





