| 28.07.2026 |
|
ОСК САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН
БАЙҚАУШЫЛАР ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН
ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
2026 жылғы 28 шілдеде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындық аясында саяси партиялардың, аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдеріне арналған онлайн-семинар өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі №26/52 қаулысымен бекітілген «Сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жоспарды» іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен 300-ге жуық саяси партиялардың, аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Семинарды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов ашып, қатысушыларға алдағы сайлау науқанының маңыздылығы мен сайлау процесіне қатысушылардың заң талаптарын бірізді сақтауының қажеттілігіне тоқталды.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Құрылтай депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізудің ерекшеліктері, сайлау туралы заңнаманы бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік, сондай-ақ сайлауды байқаудың негізгі аспектілері жөнінде баяндама жасап, алдағы сайлау науқанын ұйымдастыру мен өткізудің құқықтық және практикалық мәселелеріне жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар, қатысушыларға сайлау процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, қолданыстағы заңнаманың талаптары және оларды тәжірибеде қолдану тәртібі бойынша түсіндірмелер берілді.
Семинар сайлау заңнамасын бірізді түсіндіру, сайлау процесіне қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және алдағы сайлау науқанын ұйымдастыру мәселелері бойынша бірыңғай құқықтық түсінік қалыптастыруға бағытталды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы





