| 09.07.2026 |
|
ҚАЗАҚСТАННЫҢ «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ
ОСК-ҒА ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫҢ
ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІН ҰСЫНУ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАРЫН ТАПСЫРДЫ
Бүгін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну туралы құжаттарын қабылдады.
Ұсынылған материалдар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаралып, олардың заңнама талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Партиялық тізімді ұсыну Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 87-бабы бойынша жүзеге асырылады. Сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес мұндай құқық заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға берілген.
Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарын сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну туралы құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 13 шілде, сағат 18:00-ге дейін жүзеге асырылады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


