| 09.07.2026 |
|
ОСК-ҒА «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ» ҚҰРЫЛТАЙ
ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІН
ҰСЫНУ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАРЫН ТАПСЫРДЫ
Бүгін «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну туралы құжаттарын ұсынды.
Ұсынылған құжаттар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде олардың заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында қаралады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 87-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну құқығы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға тиесілі.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы бекіткен Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарын сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну 2026 жылғы 13 шілде, сағат 18:00-ге дейін жүзеге асырылады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


