| 08.07.2026 |
|
ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМДЕРДІ ҰСЫНУ ЖАЛҒАСУДА:
ОСК-ҒА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ҚҰЖАТТАРЫН ҰСЫНДЫ
Бүгін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына «Ауыл партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну туралы құжаттар келіп түсті.
Орталық сайлау комиссиясы оларды заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін қарайды.
Құжаттарды ұсыну Конституциялық заңның 87-бабында көзделген ұсыну рәсімі шеңберінде жүзеге асырылады. Заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар партиялық тізімдерді ұсыну құқығына ие.
Қазіргі уақытта партиялық тізімдерді ұсыну кезеңі жалғасуда. Бекітілген Күнтізбелік жоспарға сәйкес ол 2026 жылдың 13 шілдесінде сағат 18:00-де аяқталады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

